Қостанай облысында 727 бас ұсақ малға егу жұмысы жүргізілді деп жалған құжат жасатқан ветеринарлық пункт жауапқа тартылды. Алайда, бірде-бір үй жануарына вакцинация жасалмақ түгілі ешқандай мал басы болмаған. Жітіқара ауданында да, бір азамат ірі қараны өз кәдесіне жаратып, ақпараттық базада бұл түлікке түрлі ауруға қарсы 10-нан астам зерттеу жүргізілді деп көрсеткен. Жалған вакцинация фактілері Қостанай мен Лисаков қаласында және төрт бірдей ауданда анықталды. 15 қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер жауапқа тартылды.
Дауренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында малға жалған құжат жасатқан ветеринарлық пункт жауапқа тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/191040/)