Аягөзде үш адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде үш адам іздестіріліп жатыр

27.03.2024

Абай облысы Аягөз ауданында үш адам іздестіріліп жатыр. Олардың біреуі- Аягөз өзенінен атпен өтпек болып, суға батып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Ал, тағы екі адам өздері жұмыс істейтін шаруа қожалығына трактормен бара жатып, Борлы өзенінің ортасында тұрып қалған.

Көмекке барған ауылдастары атпен құтқаруға әрекеттенген. Бірақ қатты ағын мен терең су мүмкіндік бермеген. Құтқарушыларға хабар бергенше, трактор аударылып, ондағы адамдар жоғалып кеткен. Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ауыл тұрғындары қайық және дронмен іздеп жатыр. Тасқын салдарынан, Аягөз бен Бозай ауылын байланыстыратын көпірді су шайып кетті. Қазір, екі ауылмен байланыс үзілген. Ауданда тасқынға байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу