Елордада «Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында экспорттаушылардың форумы өтті. Жиынға Қытайдың Сычуань және Хубэй провинциясынан 120-дан аса бизнес өкілі қатысты. Еліміздің Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел президенті өзара тауар айналымын 40 миллиард долларға дейін ұлғайту жөнінде міндет қойғанын атап өтті.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Форум жоғары деңгейде өтуде. Біз белсенді жұмысты Қытайдың ең ірі үш провинциясының құрамына кіретін Сычуань провинциясынан бастадық. Бүгінде Қазақстан мен провинция арасындағы сауда шамамен 230 миллион долларды құрайды. Оның ішінде Қазақстан 45 миллион долларға өнім экспорттайды. Қырықтан астам қазақстандық компаниялардың қатысуымен өткен сауда миссиясы Қытай нарығына сұраныс пен қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетінің ауқымын көрсетті.
Тәуірек Бозекен