ЕуроОдақ елдері Қазақстанмен аса маңызды шикізат материалдарын өндіріп, өңдеуде ынтымақты арттыруға ниетті. Брюссельде өткен басқосуда қос тарап өкілдері сирек металдарды өндіруге бағытталған біріккен жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Шараға еліміздің өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков қатысып, ЕуроОдақ өкілдері және кәсіпкерлермен кездесті. Жасыл энергияны дамыту үшін Еуропа елдері сирек кездесетін 34 металға зәру. Оның 19-ын біздің ел өндіріп, өңдеп отыр.
Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары:
Қазақстандық титан әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Автомобиль өндірісінде 11 пайыз, авиация саласында 21 пайыз қазақстандық титанды қолданады. Басқа да сирек металдар бойынша Қазақстанның әлеуеті жоғары. ЕуроОдақ өкілдері, кәсіпкерлер осы шикізат материалдарын өндіру, өңдеуде технологияларын бізге әкеліп, саланы дамытуға ынталы.
Нұрсұлу Қасым