Премьер-Министр Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязбен кездесті. Келіссөз барысында Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесі қаралды. Әсіресе, мұнай химиясы және металлургия саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту талқыланды. Екі тарап та өзара іс-қимылды дамытудың мүмкіндіктері ретінде транзиттік көлік, мәдени және өңіраралық бағыттарды, ауыл шаруашылығы және туризм салаларын ерекше атап өтті.
Тәуірбек Бозекен