Шымкент мұнай өңдеу зауытына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент мұнай өңдеу зауытына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

27.03.2024

Шымкент мұнай өңдеу зауыты кешеден бастап жұмысын тоқтатты. Ірі өндіріс ошағында күрделі жөндеу басталды. Ол 45 күнге созылады. Зауыт жұмысын тоқтатпай тұрып, мұнай өнімдерінің қорын жасақтап қойған. Қазір АИ-92 маркалы бензиннің 24 мың тоннасы, АИ-95-тің 1 мың 800 тоннасы артық өнідірілген. Бұл 10-18 күнге жетеді. Көктемгі егіс науқанының басталуына орай, дизель отынынан да тапшылық болмау жағы ойластырылды, - дейді мамандар. Қазір қорда 18 мың тонна дизель отыны бар. Ол екі апта сұранысты өтей алады.

Самат Мергенов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі қор деп отырғанымыз қайта қалпына келетін запас. Күнделікті толығып отырады. Қазірден бастап обьем болмай, еш жерден келмей бәрі тоқтап қалса деген қор. Сондықтан дефицит болады деп айтуға келмейді.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу