Ертең Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы онлайн трансляция форматында өтеді. Соттың баспасөз қызметі оның себебін былай деп түсіндірді: Әуелі сотқа қатысатын алқабилер іріктеледі. Оған дейін кандидаттардың жеке басын жария етуге болмайды. Алқабилер анықталған соң, сот отырыстары ашық өтеді.
Еске салайық, былтыр қараша айында экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатігездікпен өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді.