Елімізде жасанды интеллект орталығы құрылады. Мәжілісте өткен жиында цифрлық даму министрлігінің өкілі осылай деді. Жасанды интелектіге қажетті ақпаратты сақтап, өңдеу үшін супер-компьютер де әзірленіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін Қазақстан техникалық тұрғыда толық дайын болады. Тек заңдық және құқықтық мәселелерді шешу керек.
Қазірдің өзінде кей салаларда жасанды интелектінің мүмкіндігін сынақтан өткізіп үлгерген. Нәтижесі де жақсы. Тек тұрақты қолданысқа енгізу мүмкін болмай тұр. Жасанды интелекті жинақтаған ақпарат қауіпсіз сақталады.
Ғизат Байтұрсынов, Электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директор:
Жиналған ақпараттың барлығы көбінесе жеке деректер емес. Солардың барылығы ұлттық платформада жасанды интеллект арқылы АОНИТ тағайындалды. Ақпараттың қауіпсіздігі міндетті түрде сақталатын болады. Кепілдік беріледі.
Аида Ахметбек