Наурыз мерекесіне орай, Ыстамбұлдың тарихи жерлерінде домбырашылар күй шертті. Ерекше флеш-мобты Қазақстанның бас консулдығының мұрындық болуымен, домбырашылар курсының шәкірттері өткізді. Византия дәуірінен қалған жер астындағы Йеребатан Сарынжы су қоймасында, сондай-ақ, Сұлтан Ахмет мешітінің алаңында күй тартқан домбырашылар көпшіліктің ықыласына бөленді.
Қазақтың ұлттық киімін киген жастар күй тыңдауға жиналған шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтап, ұлттық аспабымыз туралы мағұлмат берді.
Айдос Әшім