Автобус апаты: Автопарк өкілінен жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автобус апаты: Автопарк өкілінен жауап алынды

20.03.2024

Алматыдағы автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп, автопарк өкілінен жауап алынды. Сот залында автобус бірінші болып соққан «Мазда» жеңіл көлігінің иесі бұл істе өзін куәгер емес, жәбірленуші деп тануды сұрады. Жауап кезінде ол үш айдан бері көлігінің жөнделмегінін, автопарк тарапынан ешқандай материалдық көмек көрсетілмегенін баяндады. Ал, автобус қаққан азаматтың жары Айнұр Құсайынова, қоғамдық көлік жүргізушісі Шөкебаева есінен танып, рөлге ие бола алмай қалғанына сенбейді. Ол судьядан жүргізушіні куәгер емес, күдікті ретінде танып, қылмыстық жауапқа тартуды сұрады. Ал, Шөкебаеваны ұрған Дархан Ахметжановқа қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол кінәсын толық мойындаған. Жәбірленуші тарап автопарк өкілінен жүргізуші кабинасының неге қоршалмағанын сұрады.

, «Думантранском» автопаркінің өкілі:

Зауыт тарапынан автобустың ішінде ондай нәрсе орнатылмаған. Ал, егер зауыттан ондай қоршалған нәрсе болмаса, біз өз тарапымыздан ондай нәрсе қоя алмаймыз. Ондайға рұқсат жоқ. Даже бізге салонда бір орындық артық қоюға рұқсат берілмейді. Ол үшін полиция тарапынан әрқашан тексеріс болып тұрады біздің автобустарға.

Келесі сот отырысы 29 наурызға белгіленді. Еске салайық, былтыр 22 желтоқсанда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен болатын. Қоғамдық көлікте жолаушы мен жүргізушінің арасында жанжал туындап, жолаушы жүргізушіні соққыға жыққан. Жүргізуші әйел есінен танып, рөлге ие бола алмаған. Соның салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапқан еді.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу