Ішкі істер министрі: Самат Әбішев пробациялық бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрі: Самат Әбішев пробациялық бақылауда

20.03.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш, қазір пробациялық бақылауда. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, бүгін Мәжілісте БАҚ өкілдеріне осыны айтты. Оның ешқайда шығуға құқығы жоқ екенін жеткізді. Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылған. Ол «қаңтар оқиғасы» кезінде лауазымын асыра пайдаланды деген айыпталды.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:

Сот үкіміне қатысты сұрақтарды судьяларға қою керек. Бұл азамат қазір пробациялық бақылауда. Тәртіпке сәйкес, оның ешқайда шығуға құқығы жоқ. Тек тұрғылықты жерінде болуы керек.


Хабарламаларға жазылу