«Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі жарыққа шығады

20.03.2024

Ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмі көрсетіледі. Туындыны қырғызстандық режиссер Руслан Акун түсірген. Фильмде ақыл-ойы кеш дамыған 35 жастағы Әділдің басынан өткен таңғажайып, шым-шытырыққа толы оқиғасы баяндалады.

Өмірге ерекше боп дүниеге келген Әділ қарт шешесімен бірге ауылда өмір сүреді. Анасы Райхан апа баласының құлағына кішкентай кезінен бастап Құдайдың құдіреті шексіз екенін құйып, ерекше адамдардың жұмаққа түсетінін айтып өсіреді. Алайда Әділ Жәннатқа анасымен бірге барғысы келеді. Бір күні ол басқа ол анасын қасиетті Меккеге жаяу апарғандардың жұмаққа кіре алатынын біледі. Оқиғаның желісі дәл осы жерде қыза түседі.

Анаркүл Назарқұлова, актриса:

Біз драматический артистер эмоция бергіміз келеді. Ал Эмиль тұрмыстағыдай жасайды. Мен де Эмильге қарап, беріліп кетіп, біз ойнаған жоқпыз фильмді, біз жасадық. Ел қызығады екен мына кемпір мен баланың жасағаны қандай деп. 0455

«Ана мен баланы сомдаған әртістер шынайы өмірді сомдап бере алды. Тіпті, түсірілім барысындағы түрлі қиындықтарды ұмыттырып жіберді», дейді продюсер Саламат Исабаев. Айтпақшы, фильм Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан, Түркия елдерінде, Мекке қаласында түсірілген.

Саламат Исабаев, продюсер:

Бұл қай қалаларда десеңіз Киелі Түркістанда жасалды, Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында жасалды. Біз екі апталыққа жобалаған сьемкамыз 12 күнге созылды. Осы 12 күнде біз Қазақстандағы блогын толық түсіріп, ол кісілерді Әзербайжанға шығарып салдық.

Ана мен баланың махаббаты өлшеусіз, ұлтқа бөлінбейді. Алдағы уақытта фильм қазақ тілінен бөлек өзбек, орыс және араб тілдеріне аударылмақ.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу