Халықтың жайлы өмір сүру деңгейі бойынша Қазақстан Орта Азия елдері арасында ең жоғары орыннан көрінді. Ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш бізден екі еседей төмен. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы адам дамуының жаңа индексін әзірледі. Рейтингтік көрсеткіштер халықтың өмір сүру ұзақтығы мен білімі, жан басына шаққандағы табысы мен жалпы ұлттық кіріс бойынша бағаланады.
Зерттеу нәтижесіне сай әлем елдері арасында Қазақстан 67-ші орынға тұрақтаса, Түркіменстан 94-ші орында. Өзбекстан 106-шы орынды иеленді.
Ал Қырғызстан 117-ші орынға, Тәжікстан 126 –шы орынға жайғасқан. Сарапшылардың бағалауынша, Өзбекстанда халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жыл. Табысы айына 671 доллардан келеді екен
Қазақстан 67
Түркіменстан 94
Өзбекстан 106
Қырғызстан 117
Тәжікстан 126
Базаркүл Отыншиева