Алматыда «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері наурыз мейрамын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері наурыз мейрамын атап өтті

20.03.2024

Алматыдағы мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті. Ерекше күтімді қажет ететін балалар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазақ халқының салт-дәстүрімен жақынырақ танысып, құндылықтарға қанықты. Орталық ұжымы көрісу күнінен бастап тұрақты түрде 10 күндікті өткізіп келе жатқандарын айтады. Оқушылардың да көктем мерекесіне қызығушылығы артып, ынтасы оянған.

Бағдагүл Отарбайқызы, Мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиешісі:

Біздің жас ұрпақты тәрбиелеу аясында, біз жас ұрпақтарға біліммен қоса саналы тәрбие бере отырып, еліміздің мықты азаматтары болып өсуіне үлкен өізіміздің үлесімізді қосып жатырмыз.

Тәрбиеленушілер ұлттық киім ерекше шабыт сыйлап, сезімге бөленгендерін жеткіздіү 10 күндік аясында шаңырақ көтеру дәстүрі де ерекше естерінде қалған. Жасалынған бұл шаралардың барлығы өскелең ұрпақтың жадында қалып, санасына сіңу үшін жасаолынып отыр дейді орталық өкілдері.

Айнаш Қалиева, Мамандандырылған «Жанұя» кешені директорының орынбасары

Ерекше балаларына арнап әр-түрлі мәдени іс-шаралар өткізеді, бүгінгі сіздер көріп өткен баланың шыр етіп дүниеге келгені бар, бесікке салуы бар, өсе келе тұсауын кесу бар, соның бәрін ерекше балалар біліп өссін деген мақсат алдарына қойып, осы көріністерді көрсетті.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу