О.Бектенов: Салық кодексін әзірлеуді тездетіп аяқтау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

О.Бектенов: Салық кодексін әзірлеуді тездетіп аяқтау керек

19.03.2024

Салық жүйесіне қатысты да шағым көбейген. Былтырдың өзінде, 226 мыңға жуық өтініш пен арыз түскен. Кедендік бақылау бекеттерінде кедергі жетерлік. Тіпті кейбірінде ұялы байланыс атымен жоқ. Осы мәселені қалпына келтіру мақсатында кедендік бекеттерге жасанды интеллект орнатылмақ. Қаржы министірі бұл жүйе бюджетті жоспарлап, бақылауды жүзеге асырады деп отыр. Ал Үкімет басшысы Жаңа салық кодексін созбалаңға салмай, кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Жаңа Салық кодексіне қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтіп отыр. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда Кодексті әзірлеу созылып барады. Сондықтан бұл жұмысты жедел аяқтау қажет.

Хабарламаларға жазылу