Ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінді

19.03.2024

Елімізде ауылдарды дамытуға 900 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров хабарлады. Негізінен қаржы инфрақұрылымға жұмсалмақ. Дегенмен қанша ақша бөлінсе де мәселелер түбегейлі шешілмей жатыр. Оған дәлел, соңғы 10 жылда еліміз бойынша 600-ге жуық ауыл жойылып кеткен. Дәл қазір республикамызда 6 мың 256 ауылдық елдімекен бар. Ел халқының 38,4 пайызы, яғни 7 млн 600 мың адам ауылдарда тұрады. Бұл ауылдарды дамыту үшін қазына қаржысынан бөлек, инвесторлардың ақшасы барынша тартылып жатыр.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

«Ауыл – ел Бесігі» бағдарламасы аясында 194 млрд теңге сомасына 771 ауылда 1,8 мың жоба іске асырылды, 85 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері құрылды. 176 ауыл Wi-Fi hotspot технологиясына қосылды және Starlink спутниктік жүйесін пайдалана отырып, шалғайдағы ауылдық мектептерді қосу бойынша пилоттық жоба басталды. 

Хабарламаларға жазылу