Ақтөбе облысында жолды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жолды су шайып кетті

19.03.2024

Ақтөбе облысында жолды су шайып кетті. Республикалық маңыздағы «Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолының 232-ші шақырымында, Ұлпан ауылының маңына еріген қар суы жиналған. Ені бір шақырым, биіктігі 10-20 сантиметр болатын су жол үстінен өткен.

Ол жерге қажетті техника және мамандар жұмылдырылды. Жол жиегіне 200 тонна құм төгіліп, су келетін бағытқа 700 қапшық төселді. Қазір жағдай қалыпты. Автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған жоқ. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу