Үндістан әлемдегі ең ұзақ сайлауға әзірленіп жатыр. Ол сәуірдің 19-да басталып, 44 күнге созылады. Саяси науқанның нәтижесі маусымның 4-де белгілі болады. Бұл парламенттік сайлауда 970 миллион үндістандық немесе әлем халқының 10 пайыздан астамы дауыс беруге құқылы. Онда премьер-министр Нарендра Моди тағы да басым түсіп, үшінші мерзімге қалудан үмітті.
Арыстан Рысбек