Көрерменге Ұлттық арна арқылы жол тартатын «Ұлы дала баласы» реалити-шоуының шығармашылық тобы бұл жолы Талдықорған қаласына барды. Жобаның түсірілімі 11 шілде күні Жастар саябағында өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Түсірілім алдында қатысушылар Талдықорғандағы Журналистер үйіндегі «Жетісу» телеарнасының студияларын аралап, Оқушылар сарайында оқушылармен кездесіп, телескоп арқылы аспан әлемін тамашалап, ән айтып, суретке түсті.
Талдықорған қаласында өткен кештің тізгінін журналист Мейіржан Әлібек пен әнші Ерке Есмахан ұстады. Тұрғындар мен қонақтардың алдында басты кейіпкер Төреғали Төреәлімен қатар, сахна жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Айқын Төлепбергенов және «Ханзада» тобы өнер көрсетті.
Кешке Қаратал, Көксу, Ескелді аудандарынан көрермендер көп келген. Концертке жиналған халықтың саны 25 мыңға жетті. Алаңда ине шаншар орын қалмады.
Жаңа реалити-шоу Ұлттық арна эфирінен 24 шілдеден бастап көрсетіле бастайды.