«Еркебайды» үлкен экраннан көруді тараздықтар да тағатсыз күтті. Қала кинотеатрларында бос орын болмады. Мәселен мына 100 адамнан асатын залдың өзі түгел толды. Әсіресе, жас буын өкілдері жарнамасын көріп, жаппай келген. Ата-аналардың да қарасы қалың. Түскі сеанстардың билеті тез таусылып, кешкі уақытқа да көрермен көп жиналды.
Інжу Әміржан, оқушы:
«Еркебай» отандық фильмі маған қатты ұнады. Себебі ол жерде Еркебай түрлі айла-тәсілдермен өз қырларын көрсетті және осындай Қазақстанда жасөспірімдерге арналған комедиялық фильмдер көп болса жасөспірімдер дами беретін еді. Осындай фильмдер көп болсын.
Рая Пернебаева, қала тұрғыны:
Барлығы қуанып, күліп ойнап жатыр, жақсы ұнап жатыр. Біздің Қазақстанның балалар киносы аз, содан мына кино жақсы, өздеріне ұнап, мынау жарнамалап көрсеткенде өздеріне ұнаған. Содан біз осыны көрейік деп келдік.
Көкшетау
«Еркебай» отбасылық комедиясын көкшетаулықтар да асыға күтті. Шытырман оқиғаға толы туындыны тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Зал лық толы. Әсіресе, балалардың қуанышында шек жоқ. Қылмыскерлерге жалғыз өзі төтеп берген тоғыз жасар Еркебайдың өжеттілігі таңдай қақтырып, қылықтары күлкіге қарық қылды. Кішкентай көрерменге ұнағаны да сол.
Жансерік Елубай, көрермен:
Маған фильм Еркебайдың бұзықтығымен ұнады. Фильм көптеген заттарға үйретеді. Бұл фильмнің ерекшелігі Еркебай бұзық бала болып, өзінің қателігін түсініп, жақсы бала болып шықты.
Данияр Әлімқұл