«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы салынады

18.03.2024

Қазақстан мен Өзбекстан арасында екіжақты сауда әлеуетін арттыруда «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының маңызы зор. Қазақ-өзбек шекарасында бой көтеретін кешеннің құрылысы биыл басталады.

Түркістан облысымен шектесетін аумақта салынатын нысанның аумағы 100 гектарға жуықтайды. Жабық кешенде өндіріс және көтерме саудаға лайықты жағдай жасалады. Бұл туралы үкімет басшысының Ташкентке жұмыс сапары кезінде айтылды. Орталықта 13 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылмақ.

Зафар Измаилов, «Технопарк» АҚ Ғылыми-зерттеу және дамыту орталығының директоры:

Қазақстан құрылысы қарқынды дамып жатқан ел. Өзара іскерлік қарым- қатынастың маңызы зор. Осы ретте бауырлас елдегі серіктестерімізге ұсынар жобаларымыз баршылық. Бұл әсіресе, эскалаторлар мен лифт құрастыру, «ақылды» газ есептеуіш құралдары өндірісіне қатысты.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу