Президенттің Әзербайжанға мемлекеттік сапары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Әзербайжанға мемлекеттік сапары

17.03.2024

Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті Физули жұртшылығымен әңгімелесу кезінде деп жазды, Ақ Орданың сайты. Өз кезегінде Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша Қазақстан халқына алғыс айтқан.

Екі қабатты ғимаратта 600 баланың бірнеше ауысыммен мектептен тыс білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда шахмат, аспаз сыныптары, көркемөнер және мүсін студиясы, хореография және спорт залдары, дыбыс жазу кабинеті, музыка және вокал класы, веб-дизайн және роботты техника кабинеттері бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық ұжымына Құрманғазы домбырасының көшірмесін, сондай-ақ білім ошағының тәрбиеленушілерін таситын автобусты сыйға тартқан. Жалпы, мемлекеттік сапары жоғары деңгейде өткенін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі атап өткен. Саясаттанушы Талғат Қалиев телеграмдағы жазбасында «екі мемлекеттің қарым-қатынасы екі президенттің достығы мен өзара сеніміне орай анықталады» дей келе, Транскаспий көлік дәлізінің қарқынды дамуын екі президенттің жиі кездесетінімен байланыстырады.

Мемлекет басшысы салтанатты шарада сөйлеген сөзінде қазіргідей жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Еуразияның жаңа көлік-логистика жүйесі құрылып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл процесте Қазақстан мен Әзербайжанның тығыз әрі табысты ынтымақтастығы басты рөл атқарады.


Хабарламаларға жазылу