Шымкентте өкпе ауруынан 4 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте өкпе ауруынан 4 адам көз жұмды

15.03.2024

Шымкент қаласында туберкулез дертіне шалдыққандар көбейді. Жыл басталғалы бері екі айдың ішінде бұл сырқатты 77 адам жұқтырған. Былтыр осы аурудан 1 адам көз жұмса, биыл 4 адам бақилық болды. Жалпы/ аурушаңдық 2,16 пайызға өсіп отыр. Қалада 118 туберкулез ошағы анықталып, олар төңірегіндегі эпидемиологиялық тобымен тіркеуге алынды. Туберкулездің өршуіне жол бермеу мақсатында, жоспарлы вакцинаны салдырмаған азаматтарды иммундау ісі қолға алынбақ. Бұл 1 жастан 18 жас аралығындағы балаларды қамтиды.

Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Туберкулезбен ауыратын дардың ерекшелігі 54 пайызы 18-41 жастағы жұмысқа қабілетті азаматтар ауырып жатыр. 18 жасқа дейінгі БСЖ вакцинаны алмағандар биыл толықтай иммундау жасатып, туберкулездің алдын алуымыз керек.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу