АҚШ-та Тик-ток қосымшасына тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Тик-ток қосымшасына тыйым салынуы мүмкін

14.03.2024

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Тик-Токқа бүкіл елде тыйым салуға жол әкелуі мүмкін заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, қытайлық "БайтДэнс" компаниясы Тик-Токтың акцияларын алдағы жарты жылда сатуы керек. Болмаса, әйгілі қосымша Құрама Штаттар аумағында тоқтатылады. Тик-Токты АҚШ-та 170 миллиондай адам қолданады. Олардың кейбірі Конгрестің шешіміне наразылық білдіріп жатыр. Ресми Вашингтонның пайымынша, Тик-Ток америкалықтардың жеке деректерін Қытай үкіметіне жіберуі мүмкін. Ал "БайтДэнс" мұндай болжамдарды үнемі жоққа шығарып келеді.


Хабарламаларға жазылу