«Қазақфильм» коммерциялық киностудиялармен бәсекеге түсе білуі керек. «Қазақфильм» АҚ президенті – Азамат Сатыбалды киностудияға баяғы даңқын қайтару керек деп есептейді. Ол үшін осы саладағы кейбір заңдарға өзгеріс енгізу керек. Яғни, Қазақфильм киностудиясына идеологиялық фильмдер түсіруге мүмкіндік берілуі қажет. Сонда ғана ол жекеменшік студиялармен бәсекелесе алады. Кино және тетар саласының маманы Ұлттық құрылтайда осы мәселені көтерді.
Азамат Сатыбалды, «Қазақфильм» АҚ президенті, Ұлттық құрылтай мүшесі:
Біз комедияға альтернатива ретінде басқа да жанрдағы филдьмдер түсіруіміз керек. Сонда сапалы таңдау болады. Бүгін мен мелодраммаға барайын ба, комедияға барамын ба деген. Сонда көрерменнің алдында таңдау болғаннан кейін, қалаған тақырыпты көре алатын болады.
Нұрсұлтан Тілектес