Павлодарда ұршық иіруден фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ұршық иіруден фестиваль өтті

14.03.2024

«Ұмытпайық, ұршықты ұлықтайық!». Осындай атаумен Павлодар қаласында ұршық иіруден фестиваль өтті. Алдымен жүнді түтіп алып, ұршықты шиыра иірген шеберлердің арасында жетпістегі әжелер ғана емес бойжеткендер де бар. Көпшілігі ауылдан келген. Әжелер мен қыз-келіншектердің өнерін қала тұрғындары жақын отырып тамашалады. Тіпті, шеберлік сағатын өткізуді қолқалап сұрағандар болды. Себебі, бір кездері әр шаңырақтан табылған ұршық бүгінде жәдігерге айналып барады. Жаңыл Тілеубекқызы ұршық иіруді 30 жылдан бері насихаттап келеді. «Ұршық үйіру өнерін ұрпаққа қалдыру - мен үшін өте маңызды»,- дейді ол.

Жаңыл Тілеубекқызы, қала тұрғыны:

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде осы жіпті иіріп нан тапқан күндеріміз болды. Шұлық, қолғап, сәлі, жемпірге дейін тоқып, соны сатып шешеме көмектестім. Үлкен отбасынан шыққанбыз. Сол отбасымызға нан тапқан күн болды. Мен өзім қадірлеймін ұршықты.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу