Алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы ұйымдастырылды

14.03.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады. Амал күні – Әз-Наурыздың бастауы. Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін, - делінген Президенттің құттықтауында.

Ал бүгін алғаш рет «Ұлы дала дәмі» жобасы өтті. Оның аясында балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға, еңбек адамдары мен зиялы қауымға қоржын тарту етілді. Арнайы тарту ұлттық дәмге толы. Наурыз қоржыны берілген еңбек адамының бірі 58 жастағы Ағатай Мантаева. 15 бала тәриелеп өсірген «Алтын алқалы» батыр ана. 2015 жылдан бері көше сыпырып, қаланың тазалығына үлес қосып қана қоймай, отбасының да берекесін арттырып отыр. Алматыдан бастау алған игі шара Наурыз мерекесіне жаңа мазмұн беріп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Ұлттық жоба жылда 14-наурыздан бастап, айдың соңына дейін республика көлемінде өткізіліп тұрмақ.

Ағатай Мантаева, Алматы қаласының тұрғыны

Мен өте қуаныштымын, бала-шағамның қызығын көрсем, жұмыстың еңбегін жесем. Қазақ халқын осындай жаңа жылмен құттықтаймын! Шексіз қуаныштымын. Еш ойламадым алдымнан Қазақтың Қыдыр атасы шығады деп.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу