Үкімет басшысы ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директорымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директорымен кездесті

14.03.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесті. Тараптар денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі бірлескен жұмысын талқылады.

2024-2025 жылдарға арналған екіжылдық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде қазіргі уақытта денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізу, халықтың денсаулығын жақсарту және кадрлық әлеуетті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Бірлескен жоспарлы жұмыстың, соның ішінде техникалық және сараптамалық қолдаудың нәтижесі халықтың тыныс алу, қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық, сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім деңгейінің төмендеуі болды. Кездесу қорытындысына сәйкес, медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша алдағы жұмысты күшейту бағыттары атап өтілді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу