Ұлттық құрылтайдың секциялық жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтайдың секциялық жұмыстары басталды

14.03.2024

Атырауда осы амал мерекесімен тұспа-тұс келген Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы қарсаңында секциялық жиындар басталды. Осылайша Құрылтай мүшелері бүгін күні бойы төрт түрлі бағыттағы мәселелерді негізгі отырыс алдында талқылап алады. Ал секциялық отырыстар қандай тақырыптарда өтетінін Құрылтайдың басы-қасында жүрген тілшіміз Данияр Қайыртай баяндайды.

Данияр Қайыртай, тілші:

Атырауда кешелі бері қарбалас. Ұлттық құрылтай мүшелері Астана, Алматыдан мұнайлы өлкеге жетіп алды. Бүгін Құрылтайдың негізгі отырысы алдында бірнеше секциялық отырыс өтеді деп жоспарланған. Соның бірі міне, жаңа ғана осы орталықта Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен басталды. Бұл секциялық отырыс «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбын арқау етіп отыр. Сонымен қатар дәл қазір «Азаматтық қоғам» секциясының отырысы өтіп жатыр. Оған Президенттің көмекшісі Руслан Желдібай модераторлық етеді. Ал түстен кейін «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» секцияларының отырысы өтеді деп жоспарланған.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу