Мемлекет басшысы Амал күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Амал күнімен құттықтады

14.03.2024

Бүгін – Амал мерекесі. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент өзінің Twitter парақшасында.

Оңалтай Қуандық


Хабарламаларға жазылу