Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, белгілі саясаткер және қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жаннатта болсын» – деп жазылған жеделхатта.