Қазақстан мен Қытай: саудадағы шектеулер жойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай: саудадағы шектеулер жойылуы мүмкін

13.03.2024

Қазақстан мен Қытай арасындағы саудадағы шектеулер жойылуы мүмкін. Одан бөлек, әкімшілік кедергілерді алып тастау және кедендік рәсімдерді оңайлату мәселесі қарастырылуда. Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Қытайдың Қазақстандағы елшісі бүгін осы мәселелерді көтерді. Тараптар мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Айта кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымы 30 млрд доллардан асқан. Тауар айналымындағы алыс-беріс 30 пайызға өскен.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Қазақ-қытай бірлескен жобалары нарықта сапалы және сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің аумағында 3 000 бірлескен компания табысты жұмыс істеуде. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтары серіктестігінің тұрақтылығы мен өнімділігін көрсетеді

Чжан Сяо, Қазақстандағы ҚХР Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Бүгінгі таңда барлық бағыт бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарлары екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге және дамытуға зор серпін берді. Біз Қазақстан Президенті жариялаған ауқымды экономикалық өзгерістер бағдарламасын жоғары бағалаймыз. 


Хабарламаларға жазылу