Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады. Асламбек Мерғалиев сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді. Төрағаның айтуынша, жоғарғы Соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілген. Бұдан бөлек, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны артқан. Президент азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ісінде сот жүйесі ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, оны реформалау жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті.