Алматы облысында апатты шахта жұмысын тоқтатты. Өңірдің прокурорлары Кеген ауданы Тұйық ауылындағы кен орнынан өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу дерегін анықтаған. Тексеру барысында шахта бекіністері зақымданғаны және адам өміріне аса қауіпті екеніні белгілі болды. Сондай-ақ, кен өндіруші компанияның жобалау құжаттары мен бекіту материалдарының паспорттарында ауытқу байқалған. Кейбір тиісті қағаздар мүлдем жоқ болып шыққан. Заң бұзған мекеме 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Осыған байланысты құзырлы орган өкілдері әкімшілік іс қозғап, олқылықтарды қалпына келтіргенше шахтаның жұмысын тоқтатқан.
Қуан Нұрақын