Мәскеуде қазақтың дәстүрін насихаттау мақсатында ұлттық тағамдарды дайындаудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды. «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық бірлестігі шетелдегі қандастарымыздың басын қосты.
«Қазақ аналары-дәстүрге жол» бірлестігінің Мәскеудегі өкілдігі былтыр қараша айында ашылған. Басты мақсат-шеттегі қандастардың арасында ұлттық дәстүрімізді насихаттау. Ал шеберлік сағатына қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың.
Гүлзифа Смирнова, Мәскеу қаласының тұрғыны:
Мәскеу қазақтары жиналып, міне осындай үлкен салт-дәстүрді көрсету үшін жастарымызға, бұл аталарымыздан қалған салт-дәстүр, соны жастарға көрсету үшін жиналдық. Қазақ аналарының арқасында осындай мейрам деуге де болады осындай шара өтіп жатыр, соған қуаныштымын.
«Ұлттық тағамдарымызды ұлықтай білуіміз керек»,-дейді ұйымдастырушылар. Оны дайындаудың әдіс-тәсілдері түсіндірілді.
Баян Нұрсапарова, «Қазақ аналары-дәстүрге жол» РҚБ мәскеу қалалық филиалының басшысы:
Хабарландыру жазғанымызда меншікті орыс халқының өкілдері келді. Сосын Қазақстанмен бұрындары, бұдан қырық, елу жыл бұрын кетіп қалған орыс жерлестеріміз келді туған жерді сағынып.
Ұмыт бола бастаған кей тағам түрлері жаңғыртылып, шетелдіктерге паш етілді. «Қазақша шәй» рәсімі де қатысушыларды таңқалдырды. Жалпы Мәскеуде 100 мыңға жуық қазақ тұрады. Алдағы уақытта осындай игі шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.
Индира Бегайдар