Жатыр мойны обырына қарсы вакцинация күзде басталады. 350 мың дозаны сатып алу үшін 9 млрд теңге қара¬жат жұмсалды. Бұл туралы адам папилломасы вирусына байланысты өткен республикалық жиында айтылды. Онкогинекологтардың сөзінше вакцинация 2 кезеңнен тұрады. Жалпы 175 мың жасөспірім қыз бала егу көзделіп отыр. Ресми дерек бойынша жылына 2 мыңға жуық әйел жатыр мойны обырына шалдығады. Оның 600-і дерттің құрбаны болады. Сондықтан жа¬тыр мойны қатерлі ісігін алдын алудың ең тиімді жолы екпе дейді мамандар.
Нұршай Әзімбаева, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Олар онкологиялық ауру тудыратын вирустар негізі ұлттық егу күнтүзбесіне сәйкес егуге 11 жастағы қыздар жатады. Егу екі мәрте жүргізіледі. Бірінші доза күзде, екіншісі әрбір қызға 6 айдан кейін салынады. Иммунитет қалыптасады. Қорғаныш пайда болады.
Аида Ахметбек