Қарағандыдағы Саран шахтасында кенші қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы Саран шахтасында кенші қаза тапты

12.03.2024

Қарағандыдағы Саран шахтасында кенші қаза тапты. Қайғылы жағдай түнде 01:20-да болған. Кенжар құлап кетпес үшін ұстап тұратын секцияларды жинау кезінде, бекітпе морт сынған. Салдарынан жұмысшының үстіне металл құрылым құлап кеткен. 1980 жылғы азамат алған ауыр жарақаттан қайтыс болды. Шахтадағы кісі өлімі бойынша, арнайы комиссия тексеріс жүргізеді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу