Президент Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасымен кездесті

12.03.2024

Бакуде мемлекеттік сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті. Келіссөз барысында Президент Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. «Екі ел ынтымақтастығының мазмұны бай әрі перспективасы зор. Бірқатар бірегей жоба қолға алынды. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипаты туралы айтқан кезде, ең алдымен, мұнай мен газ, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, индустрия сияқты салалар ойға оралады», – деді Мемлекет басшысы.

Ал Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы парламентаралық байланысты дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу