Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ. Құны 105 млн теңгеден асатын техникаларды құтқару қызметі мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырған. Бұл сомаға үйінді астынан адам іздестіруге арналған 5 бейне эндоскоп, 5 микротолқынды және 5 әмбебап радар сатып алу жоспарланған. Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-28 наурыз аралығында жүргізіледі.