Қазақстан мен Әзербайжан арасында туристік ағын артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Әзербайжан арасында туристік ағын артады

11.03.2024

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы бірлескен бастамалар мәдени байланысты жандандырып, туристік ағынды арттыратынын айтты.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжан Түркі мемлекеттері ұйымының негізін қалаушы ел ретінде тарихта мәңгі қалатынын ерекше атап өтті.

Нағи Каримов, Әзербайжан диаспорасының өкілі:

15 жыл бұрын Қазақстан Әзербайжан мемлекеттер ұйымын Бакуде құрды. Біздің Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, бірінші дипломат. Сосын Президенттік келді. Ол жақсы біледі халықтар арасында қалай бірлік жасауды. 

Бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақ халықаралық аренада көпке үлгі. Мемлекет басшысы сұхбат кезінде де, «екі ел қашан да бір-біріне қолдау көрсетіп жүреді», - деп атап өтті. Расында, қазақ және әзербайжан халықтарының байырғы бауырластық байланысы мен көпжылғы ынтымағы еларалық татулықты нығайтты. Сұхбат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев, қазақстандық компаниялар, Қарабақты жаңғыртуға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Риззат Тасым, саясаттанушы:

Қарабах мәселесіне қатысты Қазақстанның позициясы ешқашан өзгерген жоқ, 30 жыл бойы. Өйткені БҰҰ-ның шарттарына сәйкес Әзербайжанның территориясы болған және де Қазақстан осы шарттарды талап еткен болатын. Қазақстан тек қана Әзербайжанға қатысты ғана емес барлық Түркі әлемі мемлекеттеріне орын алған көп жағдайға гуманитарлық көмек көрсетуге әрқашан дайын. 


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу