Канадада PDAC-2024 көрмесінде Қазақстан павильоны таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада PDAC-2024 көрмесінде Қазақстан павильоны таныстырылды

11.03.2024

Шетелдік алпауыт компаниялар Қазақстанның тау кен өндірісіне қомақты қаржы құя бастады. Бұл жайлы Канаданың Торонто қаласында өткен PDAC-2024 атты көрмеде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Тау-кен саласындағы ең ірі шараға Қазақстан да қатысып, ұлттық павильонын ашты.

Тау кен өнеркәсібіне қатысты халықаралық көрме алғаш рет 1932 жылы өткізілген. Содан бері оның ауқымы да, ықпалы да артты. Бұл жолы 130 елден 30 мыңға жуық делегат келді. Қазақстан тоқсан жылдық тарихы бар шараға екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Еліміздің ұлттық павильонына қазақтандық жетекші компаниялардың озық жетістіктері мен жобалары қойылды.

Қанат Шарлапаев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі:

Біз үшін бұл өте маңызды шара, өйткені бір жерде тау-кен индустриясындағы көптеген инвесторлармен кездесуге мүмкіндік береді. Қазақстанға деген қызығушылықтың үлкен. Біріншіден, еліміз 2023 жылы 1.5 миллион шаршы шақырым аумақты геологиялық барлау үшін ашты. Екіншіден, біз ірі компаниялармен бірлесіп жұмыс істеп, бүгінде жемісін көре бастадық. 2022 жылы жеке геологиялық барлау ісіне 250 млн доллар тартылды.

Мәселен, әлемдегі ең үлкен тау-кен алпауыты ВНР Қазақстанда геологиялық барлау жүргізетін екі компанияға қаржы салды. Канадалық Tech Resources мекемесі де мыс мен алтын қорларын іздеуге кірісіп кетті. Яғни, жаңа кен орындарын табу ісі белсенді қолға алынып жатыр. Себебі, Қазақстан әлем үшін маңызды металдар - алтын, мыс пен мырышқа және осми, рени секілді сирек металдарға бай мемлекет. Десе де инвесторлардың қызығушылығының артуына маңызды қаза байлықтары жөніндегі мәліметтердің құпиясыздандырулы мен салының цифрландырылуы да елеулі әсер еткен.

Ник Адамс, канадалық IT компания жетекшісі:

Қазақстан экономиканың цифрлық трансформациясын нәтижелі жүзеге асырып жатыр. Әсіресе соңғы 15-20 жылды алып салыстырып қарасақ, елдің бүкіл геосаяси ландшафты мүлдем басқа деңдейде көтерілді. Үлгі боларлық жетістіктерге жетті. Ал орналасқан жері батыс елдері үшін тұтас еуразия құрлығына шығуға ыңғайлы, қазба байлықтары тұрақты дамуға мүмкіндік ашады.

Үкімет бұл салада мейлінше ашықтықты қамтамасыз етуде. Қазір арнайы парталға ондаған жылдар бойы жиналған 52 мыңнан аса геологиялық есептер қойылған. Кез келген адам онымен еркін таныса алады. Сондай ақ, мекемелер барлау жұмыстарын жүргізу үшін онлайн тапсырыс бере бастады. Содан болар көрмеде қазақтандық делегациямен кездесуге асық компаниялар аз болмады. Тіпті, кейбірі жол жөнекей өздерін таныстырып, бизнес картасы мен мәліметтерін беріп қалуға тырысып жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу