Канада Қазақстанға тікелей инвестицияны ұлғайтуға ниетті. Бұл жайлы осы елдің халықаралық даму министрі Ахмед Хусейн Торонто қаласында өткен Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің 6-шы жалпы отырысында мәлімдеді. Жалпы Іскерлік кеңес кездесуінде энергетикалық қауіпсіздік, экологиялық, әлеуметтік және сауда, инвестиция тарту секілді мәселелер талқыланды.
Шара аясында «Ұлттық геологиялық қызметі» Канадалық және финляндиялық компаниялармен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Тим Гитцель, «Камеко» компаниясының бас басқарушы директоры және президенті:
Қазақстандағы бизнес климат ұнайды. Біз Қазақстанда 25 жылдан аса жұмыс істеп келеміз. Әрине бүкіл әлем оның ішінде Қазақстан да инфляциямен, өзге де түйткілдермен күресіп жатқанын түсінеміз. Бірақ жалпы алғанда біз Қазақстанда жұмыс істегенімізге қуаныштымыз. Себебі, бұл Еуразия айғындағы экономикасы ең мықты ел.
Жалғас Сәдібекұлы