Ақмола облысында салық органының қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында салық органының қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген

11.03.2024

Ақмола облысында Салық органының қызметкері адамдардың деректерін пайдаланып, несие рәсімдеген. Бұл туралы Қосшы қаласының прокуратурасы хабарлады. Күдікті қарапайым азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық ақпараттарын ұялы телефонына түсірген.

Осылайша, онлайн микро-несие рәсімдеп, өзінің шотына аударып келген көрінеді. Прокуратураның мәліметінше, құрықталған алаяқ 5 адамның қалтасын қағып үлгерген. Ол бүгінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу