Шымкентте бұрынғы полиция қызметкері бейтаныс әйелдің телефонын тартып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бұрынғы полиция қызметкері бейтаныс әйелдің телефонын тартып алды

11.03.2024

Былтыр Шымкентте флористі қайшымен қорқытып, гүлді тегін алып кеткен экс-полицей тағы да осындай әрекетімен жұрттың жағасын ұстатты. Масаң күйде отырған ол бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алған. Әлеуметтік желіде тараған бейнекөріністе әйелдің телефонын сұрап, жалынып жатқанын көруге болады. Жәбірленуші оқиға куәгерлерінің көмегімен телефонын қайтарып алды. Алайда, осындай дөрекілігімен көзге түскен экс-полицей бұл жолы да жазаға тартылған. жоқ.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу