Мемлекет басшысы Рамазан айының басталуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Рамазан айының басталуымен құттықтады

11.03.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. «Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді» - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, Рамазан айы бүгін басталды. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түні Қадір түні болады. Ал Ораза айт 10 сәуірге дөп келіп отыр. Діни басқарманың дерегінше, биыл пітір садақа жан басына 640 теңге болып бекітілді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу