Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұтанған қамыс өрті кеше сағат 11:00-де толығымен сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай хабар таратты. Тілсіз жау 2 наурыз күні Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде тұтанған болатын. Елдімекендерге қауіп төнген жоқ. Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, 2500 гектардан аса жер күлге айналған. Өрттің шығу себебі әлі де белгісіз. Жауапты мамандар қызыл жалынның тұтануына адами факторлардың да әсері болуы мүмкін дегенді айтады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт