Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр

09.03.2024

Атырау облысында 7 тәулік бұрын басталған қамыс өрті әлі басылмай тұр. Өрттің шығу себебі анықталған жоқ. Бір апта ішінде қызыл жалын шамамен 2500 гектар аумақты шарпыған. Қазіргі ақпарат бойынша, жалпы ауданы 148 гектар аумақ жанып жатыр. Өртті сөндіруге 60-қа жуық маман жұмылдырылған. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу