Шығыс Қазақстан облысы әкімі әр салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысы әкімі әр салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

07.03.2024

Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындардың 52 пайызы әйелдер. Бүгінде олар өндірісті өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Облыс әкімі - Ермек Көшербаев аймақта әр салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектермен кездесіп, мерекемен құттықтады. 

Отбасында ана, қызметте көшбасшы. Ұстаз, дәрігер, құрлысшы, инженер тіпті мал өсіріп, шаруашылықтың жұмысын өрге бастырып отырған қыз-келіншектер көп. Мерекеге орайластырған кездесуге осындай аналар келді. Айнұр Еркінқызы 5 жыл бұрын Өскемен қаласында логопедия және дефектология орталығын ашқан. Қазір орталықтағы мамандармен бірге кембағал балаларға көмек көрсетіп келеді.

Айнұр Еркінқызы, логопедия және дефектология орталығының директоры:

Кішкен орталық. Өз қаржатымызбен ашып отырғандықтан болашақта, ө зіміздің әлеуметтік жобамыз, бағдарламамызды дайындап жатырмын.Сол арқылы орталығымызды кеңейтеміз. Орталығымызда қазір 20-25 шақты бала келеді.

Сәуле Серікбаева Зайсан ауданындағы орта мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Білім саласында бірнеше жыл еңбек еткен ұлағатты ұстаз, үшін ұрпақ тәрбиесінен ұлы іс жоқ.

Сәуле Серікбаева, ұстаз:

Міне, 35 жыл еңбек өтілімде бірнеше жүздеген шәкірттоер алдымыздан шығып жатыр. Алдымнан тәрбие алып өтті. Осы 8-наурыз меркесіне орай облыс әкімінің қабылдауына шақырып, мерекемен құттықтап жатқанына өте-мөте ризамыз.

Мерекелік кездесуге келген белсенді қыз-келіншектер өз саласы бойынша облыс әкіміне ұсыныс пікірлерін де айтты. Ал аймақ басшысы отбасы құндылғын арттыру жолында елімізде атқарылып жатқан иігі істреге тоқталды.

Ермек Көшербаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Мемлекет басшысы біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде отбасы институты дамып әйел қауым үшін барлық жағдай жасалуды. Көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау басты назарда. 00.09.33-Әйел ана тіршілік тірегі отбасының берекесі. Түрлі салада жоғары жауапкершілікпен қажыр қайрат үлгісін танытып ел дамуына үлкен үлес қосып отырған белсенді қоғам мүшесі сіздер боласыздар.

Елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қыз-келіншектерге Президент пен облыс әкімі атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кездесу соңы мерекелік концертке ұласты.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу