Қазақстанда 18-60 жас аралығындағы 5,3 млн әйел бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 18-60 жас аралығындағы 5,3 млн әйел бар

07.03.2024

Қазақстанда – 10 млн 260 мың 57 әйел бар. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімет таратты. Әйелдердің 63 пайызы - қалада, 36 пайызы - ауылды жерлерде тұрады. Ал өңірлер бойынша алып қарайтын болсақ, Алматы қаласы мен Түркістан және Алматы облыстарында қыз-келіншек көп. Жас шамасы тұрғысынан сараласақ, еліміз бойынша 18 жасқа дейінгі қыздардың саны – 3,3 млн. 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны - 5,3 млн болса, 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны – 1,6 млн, - дейді сарапшылар.


Хабарламаларға жазылу