Биыл елімізде 5 су қоймасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі айтты. Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, 2028 жылға дейін 11 облыста 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Жаңа нысандар суарылатын алқап аумағын 250 мың гектарға көбейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 140 мыңға жуық халық тұратын 70-ке жуық елді мекенді су басу қаупінен сақтайды. Министр қазір бұл жұмыстарға инвесторларды тарту үшін жұмыстар жүріп жатқанын айтты.
Шерхан Жамбылұлы